Әнші Мәдина Садуақасова ұлына су жаңа көлік сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі бұл сый оның туған күніне орай жасалғанын айтты.
"Әнуар машинасын ауыстырды! Су жаңа, 2024 жылғы. Өзі рөлге отырады деп ойлап қалмаңыз, әрі-бері мектеп, баскетбол, бассейнге алып жүретін көлігін жаңарттық. Құтты болсын, жаңа көлік. Туған күн жалғасуда. Сіздердің де балаларыңызға жұғысты болсын!" - деді ол.
Желі қолданушыларының бірі қуанышқа ортақтасса, бірі әншіні сынады.
"Баланы жасынан ерте желпітіп керек емес сияқты, артық қой мынау", "Бұл енді қателік. Баланы жақсы көрудің де орны бар. 10 жастағы балаға артық бұл сыйлық", "Бала не нәрсенің қадірін біліп, табан ет, маңдай тер деген нәрсені біліп өсу керек", "Құтты болсын. Темір тоза берсін. Ғұмыры тозбасын. Қызық қуанышқа мінсін", - деді олар.