$472.49 €515.44 ₽5.41
×

Париж Олимпиадасына қатысатын Қазақстан жеңіл атлеттері анықталды

AstanaTV
08.07.2024ж. 00:18
157
Париж Олимпиадасына қатысатын Қазақстан жеңіл атлеттері анықталды

Париж Олимпиадасына Қазақстан атынан қатысатын жеңіл атлеттер белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы Париж Олимпиадасына қатысатын спортшылардың толық тізімін шығарды. Әлемдік рейтингтің қорытындысына сәйкес, еліміздің атынан 7 спортшы бақ сынайды. 

Жанна Мамажанова (марафон)

Нора Джеруто (3000 м кедергілермен)

Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру)

Давид Ефремов (кедергілермен 110м)

Ольга Сафронова (200м)

Дэйзи Джепкемей (3000м кедергілермен, 10км)

Елизавета Матвеева (биіктікке секіру)

Қазақстан атынан 4 өкіліміз бірінші рет Олимпиада жүлдесіне таласады.