Англияның шығысындағы Линкольншир округінің тұрғыны Джил Стюарт 20 жылдан астам уақыт бойы шатырында жатқан сынық Қытай ыдыстарын аукционға қойып, күтпеген жерден байып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Британдық әйел фарфордан жасалған ыдыс-аяқ жәшігін кезінде офицер болған және 20 ғасырдың басында Қытайға барған атасы қалдырып кеткен. Бірақ ол ыдыс-аяқ зақымданған соң пайдаға жарамайды деп ойлаған.
2002 жылы әйел "сынған фарфор" деп жазып, қорапты шатырға қойып қойған, ыдыс-аяқ осы уақытқа дейін сол жерде тұрған. Жақында Джил Стюарт оны қайтадан тауып, лақтырайын деп ойлаған, бірақ соңғы сәтте ыдыс-аяқты бағалау үшін аукционға апарады.
"Аукцион үйінің мамандары лотты 740-1350 фунт стерлингке бағалады. Бірақ сауда-саттық алаңына кірген соң ежелгі қытай фарфорына деген қызығушылық 13 лот көтеріліп, бағасы 162 мың фунт стерлингке бір-ақ жеткен. Ақырында баға 200 мың фунтқа дейін өсті", - делінген басылымда.