$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атырау облысында 13 шетелдік жауапқа тартылды

AstanaTV
08.07.2024ж. 10:30
395
Атырау облысында 13 шетелдік жауапқа тартылды

Атырау облысында 13 шетелдік жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қызылқоға аудандық сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен Өзбекстан Республикасының 13 азаматына қатысты 13 әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта Өзбекстан Республикасының 13 азаматы Қазақстан Республикасы аумағына келу және онда болу қағидаларын сақтамай, жұмыс істеуге рұқсат беретін тиісті құжаттарды алмастан жұмыс істегені анықталды.

Сот отырысында 13 шетел азаматы өз кінәларын мойындап, елден шығарып жібермеуді сұрады.

"Сот қаулыларымен Өзбекстан Республикасының 13 азаматы ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен кінәлі деп танылып, олардың әрқайсына 92 000 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулылары заңды күшіне енді", - деп жазылған сот мәліметінде.