$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Маңғыстауда 5 елдің әскери қызметшілерінің қатысуымен халықаралық оқу-жаттығу өтеді

AstanaTV
09.07.2024ж. 06:27
163
Маңғыстауда 5 елдің әскери қызметшілерінің қатысуымен халықаралық оқу-жаттығу өтеді

"Бірлестік-2024» оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтауға Қазақстанмен қатар Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның әскерилері қатысады. Оқу-жаттығу бүгін басталып, 17 шілдеге дейін жалғасады. Бұл аралықта әскери контингенттер қарулы қақтығысты оқшаулау бойынша бірлескен операция дайындап жүргізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери маневрлер «Оймаша» полигонында, сондай-ақ Тоқмақ мүйісінен екі шақырым жердегі теңіз учаскесінде өтеді.

Оқу-жаттығуға 4 мыңға жуық әскери қызметші және 700-дей қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылатын болады. Тактикалық эпизодтар жердегі және әуедегі барлау топтарының, теңіз арнайы күштерінің, армиялық және майдандық авиация экипаждарының, әскери кемелер мен катерлердің, артиллериялық есептоптардың, шабуылдаушы және танк бөлімшелерінің қатысуымен өтеді,-деп атап өтті министрліктен.

Оқу-жаттығу аясында мәдени-демалыс және спорттық іс-шараларды өткізу де қарастырылған. Әскери-қолданбалы спорт түрлері, «Бағдар» тактикалық бағдарлау және армиялық тактикалық атыстар бойынша жарыстар өтеді.