$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Екібастұзда екі көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті

AstanaTV
09.07.2024ж. 10:46
244
Екібастұзда екі көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті

Олардың төртеуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 7 шілдеде Екібастұзда екі көліктің соқтығысуы салдарынан бірден бес адам зардап шекті. 30 жастағы екі ер адам, 18 жастағы қыз және 53 жастағы әйел қалалық ауруханаға жеткізілді, 55 жастағы ер адам ауруханаға жатудан бас тартты.

– Тек өткен үш тәуліктің ішінде медициналық бригадалар медициналық көмек қажет болған түрлі апаттарға 10 рет барды. 6 шілдеде Баянауыл ауданында көлік аударылды. 28 және 73 жастағы екі ер адам аудандық ауруханаға жеткізілді, – дейді станцияда.

Сондай-ақ 8 шілдеде Павлодар - Семей тас жолында екі көлік соқтығысқан. Екі адам зардап шекті: 64 жастағы ер адам және 65 жастағы әйел түрлі жарақаттармен Аққулы аудандық ауруханасына жеткізілді.