$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбеде төбелес болып, бірнеше адам ауруханаға түсті

AstanaTV
09.07.2024ж. 15:48
331
Ақтөбеде төбелес болып, бірнеше адам ауруханаға түсті

Ақтөбе қаласындағы дәмханалардың бірінің алдында бірнеше адам төбелесіп қалды. Үш адам кесіп-тесілген, тағы бір адам жабық бас жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кеше, 8 шілде күні түнде Ақтөбе қаласындағы Зауыт көшесінде орналасқан дәмхана алдында бірнеше адам төблесіп қалды.

Оқиға орнына полициямен қатар жедел жәрдем бригадасы да шақырылды.

— Қонақтардың арасында жанжал туып, бір-бірімен төбелескен. Нәтижесінде бірнеше ер адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Бұзақылық дерегімен сотқа дейінгі тергеп- тексеру жұмыстары басталды. Қылмысқа қатысы бар тұлғалар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, — деді Ақтөбе қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасары Мадияр Әкентай.

Полиция қазіргі кезде нақты қанша адамның қамауға алынып, күдікке ілінгенін айтпады.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, төбелес кезінде барлығы 5 адам зардап шеккен.

— 31, 30, 29 жастағы ер адамдарда кесіп, тесілген жарақаттары болды. Олардың бірін Ақтөбе медцина орталығына, екіншісін Ақтөбе көпсалалы ауруханасына жеткізді. 28 жастағы бір адам жабық бас-ми жарақатын алған. Сонымен бірге 39 жастағы адам дәрігер көмегінен бас тартты. Оқиға орнына барлығы 2 бригада барды, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.