Қостанайда заңсыз сыйақы алған басшы ұсталды. Күдікті Ұлттық жоба шеңберінде салынып жатқан медициналық нысандарды пайдалануға беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін қомақты ақша алған. 9 миллион теңге мөлшерінде заңсыз сыйақыны құрылыс компаниясы бас инженерінен бопсалаған. Дәрігерлік амбулатория «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы шеңберінде салынып жатқан көрінеді. Қомақты сомма - объекті салуға жұмсалатын қаржының 1 пайызы.
Рүстем ҚАЗБЕК, ОБЛЫС БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:
Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында денсаулық сақтау объектілерін салу кезінде заңсыз сыйақы алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Күдікті қолма қол ақша алу кезінде ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.