$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астанада 2 жасар бала 10-қабаттан құлады

09.07.2024ж. 20:00
324
Астанада 2 жасар бала 10-қабаттан құлады

Астанада екі жасар бала 10-шы қабаттан құлап кетті. Қазір бүлдіршіннің жағдайы орташа. Бала терезе торына жармаса құлаған. Абырой болғанда, жедел жәрдем бригадасы тез жетіп, аман алып қалды. Операция сәтті өтті дейді дәрігерлер. Айта кетейік жыл басынан бері бүлдіршіндердің терезеден құлауы бойынша 40 жағдай тіркелген. Оның төртеуі өліммен аяқталған. Ал өткен жылы дәл осындай 19 іс тіркелген. Бір сәби көз жұмған.

Серік БАЙМУЛДИН, №2 ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ХИРУРГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ :

Басынан жарақат алған. Біз хирургиялық мәселелерді шештік. Өкпесіне, іш құрылысына зақым келген. Қазір жағдайы қалыпты. Бізде шамамен 10 күн жатты. Кейін неврология бөліміне ауыстырдық. Терезеден құлау фактілері жаз мезгілінде, әдетте, жиілейді.