$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Түркістанның жасыл желегін аптап ыстықтан сақтау үшін мамандар түнде суару әдісіне көшкен

Түркістанның жасыл желегін аптап ыстықтан сақтау үшін мамандар түнде суару әдісіне көшкен

Ал Түркістанда аптап ыстық апшыны қуырып тұр. Жасыл желекті шіліңгір шілденің ыстығынан қорғау үшін мамандар түнде суару әдісіне көшті. Әсіресе шаһар көркін келтіріп тұрған гүлдер мен көк шөпті сарғайтпай сақтау қиын. Өйткені ауа температурасы 40 градустан түспей тұр. Сондықтан қала билігі жасыл желек пен өсімдіктерді аман алып қалу үшін үш мезгіл суаруды қолға алған. Әсіресе түнде суару топырақтың ылғалдылығын ұстап тұратындықтан пайдасы көбірек дейді мамандар.

Мақсат ЖОЛДЫБЕКОВ,  ҚАЛАНЫ КӨГАЛДАНДЫРУ, СУАРУ МЕКЕМЕСІНІҢ БАСШЫСЫ:

Таңертең азанғы 6:00-дан бастап түскі уақытқа дейін суарылады. Одан кейін кешкі алтыға тағы бір мезгіл суарылады. Одан кейін кешкі 18-00 -дан осылай түнгі үшке дейін үшінші мезгіл суарылады. +Түркістанда ауа райы өте ыстық қой жаз мезгілінде. Соған осылай үш мезгіл суару жұмыстарын атқарып жатырмыз, соларды қуратып алмау үшін, сарғайтып алмау үшін күш салып жатырмыз.

Түркістанда жалпы аумағы 318 гектар болатын 32 саябақ пен 20-дан астам аллея бар. Соның 262 гектардан астамы-күнделікті суаруды қажет ететін көгалды аймақ. Бұдан бөлек 8 гектарға әртүрлі гүл егілген. Жалпы қала бойынша 600 гектардан астам аумақ күтіп-баптауды қажет етеді. Жасыл желекті уақытылы суарып, қуратпай аман сақтау үшін Түркістанды көгалдандырумен айналысатын арнайы мекеменің 1,5 мыңға жуық жұмысшысы еңбек етуде.

Ербақыт ТҰЯҚБАЕВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІ:

Біз түнгі ауысымда жұмыс істейміз, кешкі сағат алтыдан түнгі сағат үшке дейін. Қаланың көгалы сарғаймас үшін 7-8 рейс жасаймыз. Осы талдарды суарамыз, газондарды суғарамыз.