$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдады

09.07.2024ж. 20:00
169
Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдады

Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдады. Кездесуде ведомствоның жұмысы және денсаулық сақтау жүйесін дамыту жоспарлары айтылды. Саладағы инфрақұрылымды жақсарту үшін 34 негізгі жоба жүзеге асырылмақ. Сонымен қатар Президент ана мен бала өлімін төмендету жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Оған қоса дәрі-дәрмекке бөлінетін қаражаттың дұрыс жұмсалуы жөнінде міндет жүктеді.

Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Мемлекет басшысына еліміздің Денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы баяндадым. Медициналық қызметтердің сапасы мен қожетімділігін ұйымдастыру; дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу жүйесінің тиімділігі менен ашықтығы мәселелері талқыланды. Сондай-ақ медициналық мекемелер жұмысының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға және міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыруды бақылауды жақсартуға бағытталған заманауи цифрлық технологияларды енгізу туралы баяндадым.