$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мәжіліс депутаты Абай облысының Үржар ауданында қоғамдық қабылдау өткізді

09.07.2024ж. 20:00
273
Мәжіліс депутаты Абай облысының Үржар ауданында қоғамдық қабылдау өткізді

Мәжіліс депутаты «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов Абай облысына сапары аясында Үржар ауылында қоғамдық қабылдау өткізді. Азаматтарға құқықтық кеңестер беріліп, сондай-ақ әлеуметтік мәселелердің заңнамалық нормаларын түсіндірді

 Кездесу барысында ауылдағы қордаланып қалған проблемалар көтеріліп, түйінді сұрақтар талқыланды. Тұрғындардың бірі жол мәселесін қозғаса, өзгелері өңірдегі медициналық көмекті жетілдіру керектігін алға тартты.

 Ал Шымкентте Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Данабек Исабеков Жаңа Тұрлан шағын ауданындағы 1200 орындық мектептің құрылыс жұмысымен танысты. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан нысан жылдың соңында қолданысқа беріледі. Алайда мегаполисте оқушы саны көптігіне байланысты білім ошағын жаңа оқу жылына орай тапсыру мәселесі көтерілуде.

Данабек ИСАБЕКОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ :

Алдағы уақытта мердігер компания бүкіл жиһаздарменен ...7 млрдқа жуық қаражаттың ішіне барлығы кіреді. Балалардың қауіпсіздігі де кіреді. Бейнебақылау камераларын орналастыратын болады.Осындай көптеген жағдайлар жасалынады. Барлық кабинеттермен, барлық спорт алаңшалармен толығымен бастауыш класстарға жабығы, ашығы спорт алаңшалар болады.

Биыл 1-ші қыркүйекте 9 нысанды пайдалануға беру жоспарланған. Қалғаны желтоқсан айында халық игілігіне тапсырылады. Бұл бір кезекте 17300 оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді.

Нұргүл ШӘМШИЕВА ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қалада бізді апатты жағдайда тұрған мектептер мүлдем жоқ. Үш ауысымды мектептер жоқ. Бірақ оқушы толымдылығы жоғары 21 мектеп бар. Осы 21 мектептің де басым бөлігі осы жайлы мектептер арқылы және қазір пайдаланылып жүрген мемлекеттік мектептерге біз қосымша құрылыс салып жатырмыз.Сол мектептерге салынатын қосымша құрылыс есебінен шешіледі.

Павлодарда «Ертіс орманы» табиғи резерватында өрттің алдын алуға арналған 23 камералы бекет орнатылды. Бұл орманды күні-түні жоғарыдан бақылап тұруға мүмкіндік береді. Бейнебақылау құрылғысы осы көктемнен бастап іске қосылды. Соның көмегімен 20-ға жуық өрт оқиғасы анықталған. Камералар табиғи резерват аумағын толығымен бақылауда ұстауға қауқарлы.

Қазбек ӘМЕТОВ – «ЕРТІС ОРМАНЫ» МЕМЛЕКЕТТІК ОРМАН ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Бір камераның өзін қарап патруль жасауының өзі 10 минут болады. Адамдардың жұмысын жеңілдетті. Бірақ, біз оған қарамай, бізде 18 өрт сөндіру вышкаларында кезекшілер күні түні жұмыс жасайды. Оларды біз әлі босатқан жоқпыз. Паралелль жұмыс жасатып жатырмыз.

 Табиғи орман резерватының жалпы аумағы -277 961 гектар. Ұзындығы 133 шақырым. Осынау үлкен орманда өрт оқиғасы бола қалса, техниканың жетуі де қиын. Сондықтан резерват басшылығы өрт сөндіру көліктерін жаңалауға көңіл бөлген. Орман шаруашылығындағы жаңашылдықтармен өңірге арнайы іс сапармен барған Мәжіліс депутаттары танысты.