$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Қазақстан тарихында алғаш рет биологиядан 35-ші халықаралық IBO-2024 олимпиадасы басталды

09.07.2024ж. 20:00
387
Қазақстан тарихында алғаш рет биологиядан 35-ші халықаралық IBO-2024 олимпиадасы басталды

Қазақстан тарихында алғаш рет биологиядан 35-ші халықаралық IBO-2024 олимпиадасы басталды. Бұл - орта мектеп оқушылары арасындағы ең беделді жарыс.

Астанадағы сайысқа әлемнің түпкір –түкпірінен 305 ең мықты жас биолог пен 81 елден 275 ғалым жиналды. Шараның ашылу салтанатына 200-ге жуық шетелдік қонақ келген. Қазақстан намысын құрама командада төрт мектеп оқушысы қорғауда.

Ғани БЕЙСЕМБАЕВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ :

Бүгінгі Халықаралық олимпиада биологиядан өтіп жатқан бұл -әлемдегі ең үздік жеті оли мпиаданың бірі.35-ші рет Қазақстанда ашылуы өтіп жатыр.Жалпы бұл олимпиада 90 жылдары басталған болатын.Оған 6 мемлекеттен бастап қатыса бастаған.Биылғы деректер бойынша ең көп мемлекет осы Қазақстандағы бүгінгі өтіп жатқан олимпиадаға қатысып отыр.

Франческа ЧАЧИ, ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ:

Мен филипиненмін.16 жастамын.Биология ғылымына бастауыштан бастап қызығамын.Негізінде мен Қазақстан туралы білмедім.Бірақ Қазақстанға келетінімді білетін кезде ,олимпиадаға қатысатынымды білетін кезде осы ел туралы көп іздендім.Осында келгеніме бақыттымын .Бұнда мен биология ғылымына қызығатын дос таптым.Мен Олимпиадаға өте жақсы дайындалдым, дайындық барысында көптеген кітаптар оқыдым.Көбінесе практикалық тұрғыда дайындалдым.