Катонқарағайдағы танымал демалыс орындары "Таза Қазақстан" акциясы аясында қоқыстан тазартылды.
"АMANAT" партиясы бастаған экоакцияға 200-ден астам тұрғын мен түрлі ұйымдардың өкілдері қатысты. Нәтижесінде бір күнде үш тоннаға жуық қоқыс жиналды. Айта кетейік, Катонқарағай демалыс орындары көпшілік арасында екінші Швейцария деп аталады. Шетелдік басылымдардың өзінде бұл орындар арнайы туристік бағыттар тізіміне енген.
Альмира ҚҰДАЙБЕРГЕНҚЫЗЫ, ТҰРҒЫН:
Өз Отанымыздың, өз жеріміздің азаматтары ретінде біз бұл жобаны қолдауымыз керек. Бұл жоба бір реттік емес, егер әрбір азамат экологиялық сауатты болса, өз ауылының, туған жерінің тазалығын, экологиясын сақтайды. Біздің Қазақстан жыл сайын өркендейтін болады.