$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Астанада дрондар шоуын 100 мыңнан аса адам тамашалады

Астанада дрондар шоуын 100 мыңнан аса адам тамашалады

Астанада өткен дрондар шоуын 100 мыңнан аса тұрғын тамашалады. Елордада күніне орай қала әкімдігінің ұйымдастыруымен ЭКСПО аумағында "Open Air" мерекелік шарасы өтті. Ашық аспан астындағы концерт қалың жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Бас қаланың туған күнінде астаналықтар жаппай ЭКСПО алаңына жиналды. Мерекелік концерт өткен аумақта халықтың қарасы көп. Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін елорданың туған күнін атап өтуге келген. Қонақтардың көп жиналғанынан мұнда ине шаншыр жер болмады.

 Ашық аспан астындағы концертте отандық эстрада жұлдыздары тұрғындар мен қала қонақтарына әннен шашу шашты. Құрмаш Махан, Orda, Ninety one, Raim сынды өнер иелері халыққа мерекелік көңіл күй сыйлады.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

1. Настроение күшті. Ерекше болып жатыр. Сырттай тыңдағаннан живой көріп тыңдаған жақсы екен.
2. Өте тамаша, барлығы жақсы. Көңіл-күйіміз жоғары. Барлығы жақсы, көңілді. жастарға ұнап жатыр. Біз міне немеремізбен келгенбіз.
3. Өте керемет. Осы концертке келгенімізге өте қуаныштымыз. Себебі осы концертте қызықты заттарды көріп жатырмыз. Астанадағы барлық адамдарды осы мейраммен құттықтаймын.
4. Астана өте керемет қала. Мен өз елімді мақтан етемін. -Бүгінгі концерт қалай өтті? Жақсы, күшті өтті.
5. Өте күшті, көңіл-күйіміз жақсы. Бүгін мерекелік көңіл-күй, отбасымызбен осы мерекені тамашалауға келіп тұрмыз. Астана дамып жатыр, өте әдемі, керемет қала. Қазір жан-жақтан осы Астанаға көшіп келіп жатыр.

Шараның негізгі бөлігі "ASPAN" жарық дрон-шоуында 1250 жылдамдықты радиомен басқарылатын аппарат ұшырылды. Оның 70-і - пиротехникалық дрондар. Олар Астананың түнгі аспанында Жер планетасы мен Қазақстан картасынан бастап елімізге тән түрлі символдарды бейнеледі. Барлық бейне жиылған жұртшылықты таң-тамаша етті.