$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астанада ата-аналар баласын мектепке орналастыру үшін түнімен кезекке тұруға мәжбүр болған

AstanaTV
09.07.2024ж. 17:47
371
Астанада ата-аналар баласын мектепке орналастыру үшін түнімен кезекке тұруға мәжбүр болған

Астанада балаларды «Жайлы мектеп» жобасы бойынша салынған жаңа оқу орындарына қабылдау үшін құжат қабылдау басталды. Ата-аналар орын алып үлгеруі үшін түннен бастап кезекке тұруға мәжбүр болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елордалық №71 мектептің алдында шу шықты. Ата-аналар 1 қыркүйек күні есігін ашатын «Жайлы мектепке» балаларының құжатын тапсырып үлгеру үшін түннен бастап кезекке тұрған.

«Жайлы мектепке» құжат қабылдау Астана қаласының 71 мектебінде жүзеге асырылып жатыр. Мұнда хаос пайда болды! Түнгі сағат 23:00-ден бастап адамдар кезекте тұр», - дейді олар.

Ата-аналар құжат қабылдаудың дұрыс ұйымдастырылмағанын айтып, наразы.

Айта кетерлігі, баланы мектепке қабылдау үшін құжаттарды электронды түрде тапсыруға болады. Бірақ қала тұрғындары орынсыз қалудан қорқатындарын айтты.

Редакция елордалық білім басқармасынан түсініктеме сұрады.