$480.55 €533.75 ₽5.36
×

АҚШ-тың Техас штатында 2,7 млн үй мен кәсіпорын жарықсыз қалды

AstanaTV
09.07.2024ж. 21:10
180
АҚШ-тың Техас штатында 2,7 млн үй мен кәсіпорын жарықсыз қалды

АҚШ-тың Техас штатында «Берил» дауылының соққысынан 7 адам қаза тапты. Аймақта электр жүйесі істен шығып, 2,7 миллион үй мен кәсіпорын жарықсыз қалған. Бұған қоса, талай елдімекен мен қаланы және жолдарды су басып, 1300-ден астам әуе рейсі доғарылып, порттар жабылып жатыр.

Өткен аптада «Берил» Джамайка мен Гренаданы және Қасиетті Винсент аралдарын жайпады. Ал Мексика мен Кариб жағалауында оның екпінінен 11 адам мерт болған. Қазір сұрапыл жел біршама әлсіреді. Бірақ Құрама Штаттардың Дауылдар жөніндегі ұлттық орталығының ескертуінше, «Берил» торнадоға айналып, енді Техаспен бірге Луизиана мен Арканзасқа да соққы беруі мүмкін. Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды.