$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Түркістан облысында балабақшадан өрт шықты

AstanaTV
10.07.2024ж. 00:11
313
Түркістан облысында балабақшадан өрт шықты

Түркістан облысында балабақшадан өрт шықты. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алайда, әуел баста шатырына ғана зақым келген мекеменің кейіннен басым бөлігі отқа ораныпты. Осылай деген облыстық төтенше жағдай қызметкерлері жалынның неден пайда болғаны әзірге белгісіз дейді. Бәрі сараптама нәтижесінен кейін анықталмақ.

«Салтанат» балабақшасының шатыры жанып жатыр деген хабарлама келіп түсті. Аталған мекенжайға дер кезінде барды», – деді өрт сөндіру бекетінің бастығы Жанболат Әлімқұлов.