$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Кейуананы асырап алған баласы сан соқтырған

AstanaTV
10.07.2024ж. 01:00
361
Кейуананы асырап алған баласы сан соқтырған

Қарттар үйіндегі кейуана асырап алған ұлынан қорлық көргенін айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Qazaq Airan YouTube арнасына сілтеме жасап.

Қүлбаран Шәкенова 8 жылдан бері қарттар үйін паналап келеді. 87 жастағы кейуана ұлын мүлдем сағынбайтынын айтты.

"Бір баланы туа салысымен асырадым. Оны жеткізіп, кейін үйлендірдім. Ұйғыр қызға үйленді. 2 қызы болды. Кейін балам "маған қыз керек емес" деп, қыздарын да, әйелін де тастап кетті. Мен не істей аламын? Екі қызды асырадым, өсіріп, тұрмысқа бердім. Келінім "мама" дейтін. Бірақ ұлымды сол күйі көрген жоқпын. Оның өзінің ата-анасы бар еді. Соларға кетіп қалыпты", - деді кейуана.

Қария үйін немере қыздарына тастап кеткенін айтты.

"Үшаралда үйім бар еді. Үлкен қыз тұрмысқа шығып кеткен соң, кішісіне сол үйді бердім. Ол жерде келінім қызымен тұрды. Мен қарттар үйіне келдім", - деді ол.