$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Алматы көшелерін су басты

AstanaTV
10.07.2024ж. 06:31
184
Алматы көшелерін су басты

Алматыда нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел cоқты. Қаланың кейбір көшелерін су басты.

8 шілде күні сағат 18:20-дан басталған жаңбыр үзіліспен күні бойы жауды. Ал, бүгін кештен бастап толассыз жауып тұр. 

Ағын сулар арықтан асып тротуарларға жайылып жатыр. Әсіресе көпірлердің асты мен сайларда су тізеге жетіп қалды.

Алматы әкімдігінен атап өткендей, жаңбыр басталғанға дейін бір тәулік ішінде 92 арнайы техника және 326 жұмысшының күшімен арық желілерінің проблемалық учаскелерін, арық өткелдерін және кездейсоқ қоқысқа арналған жерлерді тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. 360 текше метр қоқыс сыртқа шығарылды.

Жауын-шашын кезінде жедел мобильді бригадалардың саны 52-ге дейін өсті (әдетте 36-40), су тасқынының алдын алу және проблемалы жерлерде судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін мотопомпалар қойылды. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Барлығы 436 арнайы техника, 28 мотопомпа және 780 жол жұмысшысы жұмылдырылды.