Жайық өзенінен 15 жастағы жасөспірім өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Жасөспірім БҚО-ға Ақтаудан туыстарына қонаққа барып, 6 шілдеде демалыста жүргенде жоғалып кеткен. Оның қалай жоғалғаны белгісіз. Кәмелетке толмаған баланың мәйіті 8 шілде күні табылды. Өлімнің себептері мен мән-жайы анықталып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.