Жұмада теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы айырбас пункттерінде 310-311,8-ден сатылды.
Осы аптада іскерлік басылым - Блумбергте «экзотикалық валюта» деп сипатталған теңгенің бағамы туралы заметка шыққан. Онда сарапшылардың биыл теңге 15 пайызға дейін нығаюы мүмкін,- деген болжамын келтірген. Жалпы теңге былтырғы тамыздан бері 6 пайызға нығайған. Айтпақшы Блумбергтің «экзотикалық валюта» деген тізімінің арасында Африкадағы мемлекеттер- Свазилендтің лилангениі мен Лесо́тоның лотиібар...
Басылым мұнай бағасы әрі қарай қарқынды өспейді деп, теңгенің одан әрі нығаюы да қарқынды болмайтынын жазады. Биыл мұнайдың баррелі 57 доллар, келесі жылы 60 доллар болады деп болжайды. «Мұнай бағасы тоқтаусыз өсе бермейді» деуге бір аргумент - АҚШ-ғы тақтатас мұнайының өндірісі классикалық мұнайдың бағасына қарсы «жел» тұрғызады. Сонымен Блумберг теңге жыл соңына дейін 1 долларға шаққанда 310, алдағы жылы 302, ал 2019 жылы 290 –ға дейін нығаяды деген. Қазірдің өзінде 312 төңірегінде айналып тұр.
Меруерт Махмұтова, экономист-сарапшы:
Тақтас өндірісін
лезде кұшйетіп, лезде азайта алатын АҚШ-ң мұнай бағасына ықпалы зор. Олар
араласса, мұнай бағасына әсер етеді.
Қысқа қайырғанда, теңгенің
нығаюы мұнай бағасының өсуіне байланысты. Алайда. Мұнай бағасының қапелімде
өзгеріп кету мүмкіндігінің жоғарылығынан бөлек, теңгенің бағамына әсер ететін
тағы мынадай фактор бар.
Меруерт Махмұтова, экономист-сарапшы:
Федералды қор ставканы әрі қарай да көтеріп жатса, дамып жатқан мемлекеттердің инвестициялары Құрама Штаттарға жылжиды. Дамып жатқан елдердің валюталары нашарлайды.
Демек АҚШ-ң саясатына көп нәрсе байланысты. Былтыр АҚШ-ң резерв қоры мөлшерлемені көтеріп бастады. Бұл АҚШ нарығына инвестицияларды арттыра түседі. Тиісінше, дамушы елдердің нарықтарынан капитал кете бастайды. Ал доллардың беки түсуі ақырында дамушы елдердің валюталарын әлсіретеді. Сонымен бірге Құрама Штаттар президенті Д.Трамптың «күшті доллар»саясатын ұстанатынын шегелеуі отқа май құя түседі.
Яғни мұнай бағасына қараймыз. Ресей рубліне де қарауға мәжбүрміз. Сондықтан кесіп бірнәрсе айту қиын. Жағдай бізге тәуелді емес. Сыртқы нарықтарға тәуелді. Әзірге осы процестен – теңгенің күшейгенінен ләззат алып қалыңыздар, -дейді Меруерт Махмұтова.
Бірақ «ләззат алу» процесін шетелге демалысқа бара алатын, баласы шетте ақылы білім алатын азаматтар сияқты шектеулі топтар «өткере» алады. Қазір доллар сатып алып қойып. Ал азық-түлік пен тауарлардың бағасы арзандайды деп дәмелену...
Ұлттық экономика
министрі «доллар арзандаса, тауар да арзандамайды», -деп интервью берді.
«Тұтынатын тауарлар негізінен шеттен тасылады, сауда жасайтын валюта – доллар
төмендесе, тауарлардың құны да түсуі керек ғой»,- деп ойлайтын қарапайымдардың
сауалын жеткізген журналистерге: ...«Біз АҚШ-та емес, Қазақстанда өмір
сүреміз»,- дейді экономист. Пікірін экономист ретінде білдіретінін атап өткен.
Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:
Экономист ретінде пікірім – біздің тауарлардың өзіндік құны теңгеден құралады. Сондықтан оны доллармен сабақтаудан құтылуымыз керек. Дедолларизация бағаны доллармен көрсетуге тыйым салатын заң аясында ғана емес, санада да жүруі керек. Бағаларды, айлықты, көлікті, пәтерлерді доллармен есептеудің қажеті жоқ. Біз АҚШ-та емес, Қазақстанда өмір сүреміз.
Ал бағалардың шкаласына келсек, министр бұл сұрақ өзіне қойылуы тиіс емес,- деп есептейді.
Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:
Зачем вопрос этот задавать министру экономики? Я что ставлю товары на прилавках в магазинах или еще где-то...Базалық эономикалық теориялар және тәжірибелер тауарды қаншаға сатып алуға дайын болса, соншаға сатылады дейді. Жарқын мысал, жылжымайтын мүлік нарығы. Девальвацияға қарамай, теңгемен бағасы қалды. Егер біз одан да жоғарыға сатып алуға дайын болсақ, көтереді. Дайын болмасақ, түсіреді.
Айтпақшы,теңгенің нығаюына орай барлық сарапшы оптимистік болжам бермейді. Бәрі орнына келеді дейтіндер бар.
Осы аптада Мәжіліс депутаты
Тұрғын Сыздықовтың үкіметке жолдаған сауалында 24 түрлі тауардың екі есеге
қымбаттағаны айтылған. Алайда «Жергілікті
билікке әлеуметтік дүкендердегі, сауда бөлімдеріндегі, коммуналдық нарықтағы
бағаны реттеуді, тауардың сапасы мен санын тексеруді міндеттеу керек. Отандық
өнімдерді базардағы сауда орындарына тікелей жеткізу мәселесін қарастыру
қажет», - деген жолдар... жо-жоқ, дұрыс, бірақ бәрібір орындалмайтын
үндеулердің бірі...