$480.55 €533.75 ₽5.36
×

16 жастағы Ямаль рекорд жаңартты

AstanaTV
10.07.2024ж. 02:01
333
16 жастағы Ямаль рекорд жаңартты

Футболдан Испания ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының финалына шықты. Қызылдар жартылай финалды үш жолақтыларды жолда қалдырды. 

 Коло Муани баспен гол соғып, есеп ашқан. Алайда испандар алғашқы таймның өзінде екі гол салып, алға шықты. 

21-минутта Ламин Ямаль алыстан шиіре теуіп, нысананы дәл көздеді.  16 жастағы ойыншы Еуропа чемпионаты тарихында гол соққан ең жас ойыншы рекордын жаңартты. Ал Дани Ольмо жеңіс голын соқты. Қорытынды есеп 2:1.