$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Атырауда қарақұрт қаптады: екі бала жансақтау бөліміне түскен

AstanaTV
10.07.2024ж. 09:48
230
Атырауда қарақұрт қаптады: екі бала жансақтау бөліміне түскен

Атырауда қарақұрт шаққан екі бала ауруханаға түсті, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Жаздың алғашқы айында баланы қарақұрт шаққан үш жағдай тіркелді. Барлық жағдайда балалар жеке үйдің ауласын тазалап, бақшада өнім теруге көмектесіп жүргенде шаққан.

Қарақұрт шағып алған екі бала Атырау облысы балалар ауруханасының жансақтау бөлімшесіне орналастырылды. 

"Балалардың жағдайы бірқалыпты, қазір олар палатаға ауысты. Бір бала емделіп, ауруханадан үйіне шықты. Егер сіз қандай жәндік шағып алғанын білмесеңіз, дереу медициналық көмекке жүгінгеніңіз жөн", - дейді облыстық аурухананың иммунологы Тәбие Елшібекова.