$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Қарағандыда астыртын ойынхана жойылды

AstanaTV
10.07.2024ж. 10:21
163
Қарағандыда астыртын ойынхана жойылды

Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері қарағандылық мейрамхана ғимаратының бірінде заңсыз ойын ойнайтын орынды анықтады. Мұнда покер үстелдері орнатылды. Жасырын ойынхананы ұйымдастырушы бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствода атап өткендей, тергеу барысында банк шотына түскен ақша 32 миллион теңгеден астам соманы құрағаны анықталды.

Сот үкімімен бұл азамат кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Қаржылық мониторингі агенттігі азаматтарды құмар ойындарға деген патологиялық тәуелділіктен – құмар ойындарға тәуелділіктен қорғау мақсатында заңсыз ойын сауда орындарын анықтау және бұғаттау жұмыстарын жалғастырады.