$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Ақтөбеде 147 баспана салынып жатыр

AstanaTV
10.07.2024ж. 11:15
201
Ақтөбеде 147 баспана салынып жатыр

Құрылыс басында 15 мердігер ұйым, бас-аяғы 253 адам жұмыс істеп жатыр.

«Строй-Ақтөбе» ЖШС екі тұрғын үй салуда, онда ішкі әрлеу жұмыстары аяқталып, электр жарығы қосылып, су құбыры тартылған.

Жарық ауылында екі мердігер мекеме 17 үйдің қабырғасы мен төбесін төсеп бітірді.

Құрылыс жағдайы:

— 12 үйдің іргетасы құйылды

— 136 үйдің сыртқы қабырғалары тұрғызылды

— 129 үйдің шатыр жабыны орнатылды

— 62 үйге терезе жақтаулары орнатылды. 

Құрылыс материалдарынан тапшылық жоқ, барлығы дер кезінде жеткізіледі.

Электр желілерін, газ, су тарту бойынша келісімге қол қойылды, қазірдің өзінде жұмыс жүріп жатыр. 

Құрылысты тамыз айында аяқтау жоспарланған. 

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ахуал орталығының мәліметінше, Ақтөбе облысында:

— 511 тұрғын үй салынады — оның 511 басталды;

— 503 тұрғын үйді сатып алады — 406 сатып алынды;

— 3 073 тұрғын үйге жөндеу жұмысын жүргізеді — 3 000 аяқталды.