$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Трамп Байденге тағы бір дебат өткізуді ұсынды

AstanaTV
10.07.2024ж. 13:15
229
Трамп Байденге тағы бір дебат өткізуді ұсынды

АҚШ-тың Экс-президенті Дональд Трамп Америка басшысына осы аптада тағы бір пікірталас өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Осы аптада тағы бір пікірталас өткізейік, сонда ұйқылы Джо Байден барлығына өзінің президент бола алатындығын дәлелдей алады", — деді Трамп.

"Известия" ақпаратынша, дебаттың өткізілу ережелері ретінде Трамп модераторлардың жоқтығын, сондай-ақ іс-шараның RSBN консервативті медиа компаниясының YouTube арнасында көрсетілуін атады.

Айта кетейік, 27 маусымда өткен теледебаттың жеңімпазы ретінде көрермендер, Трампқа 67% дауыс берсе, Байден 33%-дық дауыс жинады.

Теледебаттың екінші кезеңі 10 қыркүйекте ABC-де жоспарланған.

Сондай-ақ, АҚШ президентінің 60-шы сайлауы 2024 жылдың 5 қарашасына жоспарланған.