$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астанада 1 бөлмелі пәтерде 937 адам тіркелген

AstanaTV
10.07.2024ж. 14:46
299
Астанада 1 бөлмелі пәтерде 937 адам тіркелген

Елорда прокуратурасы көші-қон заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру шеңберінде жалпы ауданы 35,7 шаршы метр бір бөлмелі пәтерде 937 адам тіркелгенін анықтады.

Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

«Мемлекеттік айыптаушы — прокурор тұрғын үй-жайды беру арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастырған сотталғанның кінәсін дәлелдеді.
Сот үкімімен «резеңке» пәтердің иесі ҚК-нің 394 — бабының 1 — бөлігі бойынша сотталды», — деп жазды бақылаушы органнан.