$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Әзірбайжанның бірінші вице-президенті елдің бірінші ханымы...

AstanaTV
25.02.2017ж. 20:00
1751
Әзірбайжанның бірінші вице-президенті елдің бірінші ханымы...

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев әйелі Мехрибан Әлиеваны бірінші вице-президент лауазымына тағайындады. Жарлық президенттің ресми сайтында жарияланды.

Сонымен Әзербайжан парламенті - Милли Мәжілістің депутаты 52 жастағы Мехрибан Әлиева енді бірінші вице-президент.

Мехрибан Әлиева Ильхам Әлиевке 1983 жылы тұрмысқа шыққан. 1988 жылы М.Сеченов атындағы Мәскеу мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1988-1992 жылдар аралығында академик Красновтың жетекшілігімен Мәскеудегі көз ауруларын зерттейтін ғылыми институтта жұмыс істеген. 1995 жылдан бері өзі құрған Әзербайжан мәдениеті қорының президенті.

Ильхам Әлиев ажарлы, өте сәнді киінетін жарын «Әзербайжанның ең сұлу әйелі» деп атайды екен. Мехрибан сұлу ғана емес болып тұр ғой...Олардың екі қызы мен ұлы бар.

Расул Жұмалы, саясаттанушы:

Билікті сақтаудың айласы. Әзірбайжанда байқап қарасаңыз, соңғы бір 40 жылда биліктің барлығын өз қолына алып, монополия жасаған, сол Әлиевтер әулеті. Бұған дейін әкесі, қазір баласы. Енді әйелін вице-президентке шығарып отыр. Айтпақшы, Ильхам Әлиевтің  өзінің баласының аты - Гейдар. Атасы сияқты. Бәлкім, Гейдар екінші болатын шығар болашақта. Яғни, демократиялық  деп аталып отырған мемлекеттер іс жүзінде осы қадамдар арқылы, мынау авторитарлық, тоталитарлық  жүйеге шегініп бара жатқанының бірден –бір көрсеткіші. Оның жаңа айла тәсілдерінің шығып отырғанын байқап отырмыз. Айналып келгенде бұл мемлекеттің әлсіздігіне алып келеді. Биліктің абыройының, билікке деген сенімнің жойылғанының көрсеткіші. Ондай мемлекет, ондай қоғам қалай болғанда да, оны қуатты, мықты, мығым деп атауға болмас. Өтеәлсіз, мүмкіндігі шектелген және шамалы, сыртқы күштерге төтеп бере алмайтын тіпті кішігірім бір сілкініс болса, соған төтеп береалмайтын жағдайға душар болатыны анық.