$472.49 €515.44 ₽5.41
×

Қостанайда 16 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды

AstanaTV
10.07.2024ж. 17:58
118
Қостанайда 16 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды

Қостанай облысында 16 жастағы қызды өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

16 жастағы Дарья Тайронина Әулиекөл кентіндегі үйінен 26 маусымда шығып, жоғалып кетті. Содан кейін полиция мен еріктілер оған іздеу жариялады. 28 маусымда Әулиекөл маңындағы орман екпесінен қыздың денесі табылды.  

«Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 27 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп мәлімдеді полиция.

Кісі өлтіру фактісі бойынша қажетті тергеу шаралары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.

Полицейлердің айтуынша, қыздың өліміне механикалық асфиксия себеп болған, яғни оны буындырып өлтірген.

«Жыныстық сипаттағы әрекеттерді жасау туралы сұраққа тек сараптаманың қорытындысы бойынша жауап беруге болады, басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», - деді полиция.