$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Бас прокурордың орынбасары «азаптау азаяды» дейді...

AstanaTV
25.02.2017ж. 20:00
2137
Бас прокурордың орынбасары «азаптау азаяды» дейді...

Астанада түрме реформасына байланысты 4-Форум өткен. Бас прокуратураның мәліметінше, соңғы 5 жылда азаптау бойынша 140 лауазым иесі сотталған. Құқық қорғау органдарының 400 қызметкері теріс мотивпен жұмыстан шығарылған. Бірақ азаптау мен қорлау біздегі масқара фактілердің бірі болып қалып отыр. Былтыр алматылық түрмеге қамалған әйелді азаптап, зорлау дерегі шықты -  кейін ол әйел балалы болған. Қыркүйек айында сот түрменің бұрынғы қызметкерін сараптама нәтижесінде баланың әкесі деп таныды, бірақ әйелдің айтуы бойынша зорлауға қатысқан тағы үш түрме қызметкері дәлел тапшылығынан босатылды.

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов бізге арнайы сұхбат берген. Бұл жиіркенішті де, сұмдық жүйе өзгереді, - дейді.

Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

«Миранда ережес»і деген бар, не үшін ұсталды, өзіне қарсы сөз айтпауға қақысы бар, соны айтып, сонымен бірге қорғаушысын шақыруға және телефон соғып, туыстарына айтуға рұқсат берілуі керек.

Азаптау деген куәгерлерге де жасалуы мүмкін. -Сен көрдің бе?- деп, оларға да қолданылуы мүмкін. Процеске қатысатын барлық адамға «Миранда ережес»і айтылуы керек.

Қылмыстық қудалау органдарының принципін өзгертпекпіз. Заңдарында жазылған – қылмысты ашу деп. Ашу болғасын, жедел қызметкерлерден қылмыс ашылды ма, ашылмады ма деп, есеп сұрайды. Сондықтан ашу емес, оқиғаны тергеп-тексеру деп өзгерту керек. Сонда ол бір септігін тигізеді.

Түзеу мекемесінде неге болады? Себебі? Түрмеде отырғандар әкімшіліктің заңсыз талаптарын орындамағаны үшін азапталады. Ол болмау үшін барлық жерде бейнекамералар орналастыру керек. Әрбір қызметкер видеорегистратор тағуы керек. Ол өзін ақтауы үшін де керек. Түрмеде отырғандарды періште дей алмаймыз ғой. Жала жабуы мүмкін. Сол кезде – қызмет барысында өзіне қорғаныш, екіншіден, тәртіп сақтауға, адамдардың құқығын бұзбауға алып келеді деп сенеміз.

Эксперимент ретінде біз Астана қ., Алматы ауданы ішкі істер бөлімінде бейнебақылау, сосын жауап алатын бөлмелер ашық, мқлдір, шынылы еттік. Көріп отырады. Адамды – күдікті болсын, куәгер болсын, тергеу амалдарын жасаған кезде, бөлмеде бейнебақылауды қосады. Не үшін шақырылғанын, сосын жауаптар – бәрі ашық, айқын. Олай болған кезде прокурор, өз басшылары қарап отырғанын біледі, өздерінің профессионалдық деңгейін көтеруге көмектеседі. Жабық болса, ойына келгенін істейді. Ал ашық жерде өзін тәрбиелеуге, деңгейін көтеруге алып келеді. Маман екеніңді көрсететін жер. 

Азаптау аса ауыр қылмыс. Бұны тек ғана арнайы прокурорлар тергеуі керек. Туысқаны ұсталғанның, ұрып соғуға мүмкіндік бар,- дегенде прокурор, арнайы топ – сол жерге барып, шұғыл түрде қарауы керек.

-Айтып отырған нәрселеріңіз керемет, тамаша, Әйтсе де мен журналист ретінде өте скептикалық тұрғыдан қараймын. 2-3 жылдан байқай бастайсыз деп айта аласыз ба?

Заңды ғана өзгертпей, психологияны өзгерту керек. Азаптап жатқандар білуі керек – жай жабылып қалмайды, сұрауы болады деп. Азаптап, аса ауыр қылмыс жасаса, сотталушының орнына барып отыратынын білуі керек... Жақсы қорытынды шыққан кезде тағы бір кездесіп, ұялмай, ал кемшілік болса, кешіріп сұрап, баяндайын. Бірақ сенемін, нәтиже болатынына.