Астанада бір үйге 1000-ға жуық адам тіркеген пәтер иесі бір жылға сотталды. Алаяқ шаңырағына 937 адамды ақылы түрде қоныстандырған. Бірақ тек қағаз жүзінде. Негізі үйде тек бір отбасы тұрған. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді. Құзырлы орган өкілдері дәл осылай жалған мекенжай бойынша тіркелген 22 мың шетелдікті анықтады.
Аян БЕЙСЕНОВ, САРЫАРҚА АУДАНЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ:
Пәтер иесі белгіленген қаражат соммасын ала тұра, өзінің пәтеріне тіркеумен айналысқан. + Қазіргі таңда 394 бап бойынша сотталған.