$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Енді 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындар сатылмайды

10.07.2024ж. 20:00
344
Енді 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындар сатылмайды

Ел тұрғындары күніне 30 мың литр энергетикалық сусын ішеді. Зиянды өнімге құмартқандардың дені - жастар. Енді 21 жасқа толмағандарға энергетик сатылмайды. Президент заңға қол қойды. Осыдан кейін мәселе шешіле ме? Толығырақ әріптесім тарқатады.

Айдана ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Дүкен сөрелерінде энергетикалық сусынның түр-түрі бар. Кез келген адам ала алады. Мысалы, менің жасым 20 да. Бірақ, жасымды сұрап жатқан ешкім жоқ. Түк кедергісіз сатып алдым.

Дәмі тәтті, зияны қатты. Энергетикалық сусынға құмартып, денсаулығынан айырылып жатқандар көп. Ондай ақпарат желіде желдей еседі. Бірақ қатерін көре тұра, бас тартып жатқандар аз. Әсіресе жастар әуес. Күніне 1-2 құтысын ішпесе, басы ауырады.

Майра РЫСБАЕВА, САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАМАНЫ:

Энергетикалық сусындардың құрамында адам ағзасына өте қауіпті химикаттар бар. Салдары жүрек айну, қайталанатын талма ауруларына тіпті адам өліміне дейін әкеліп соғады. Олардың құрамында 10-15 шақты қоспа болады. Олар – глюкоза, матеин, мелатонин, кофеин, женьшень. 10-15 минутта сергіп, күшіңіз артады. Алайда, қоспалар асқазан, өт жолдарына зиян.

Тұрғындар күніне 30 мың литр энергетикалық сусын ішеді. Жастардың ұйқыны шайдай ашып, сергектік сыйлайтын өнімге құмартуы бекер емес. Дәмі ерекше, ішсең энергия сыйлайды. Бағасы да қолжетімді. Дүкен сөрелерінде 300-600 теңгеден самсап тұр. Өкініштісі, құрамын қарап, зерделеп жатқан ешкім жоқ.

Гүлнәз ЖАҚСЫЛЫҚБАЕВА, ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ МАМАНЫ:

Энергетикалық сусынның құрамында бензат натрий тексерілді. Кофеин мөлшері тексерілді. Ацесульфам, аспартам және сахарин осы көрсеткіштер тексерілді. Бензат натрия 150 миллиграмнан киллиограм болса, одан жоғары болған жоқ, кофеин де сондай 150 миллиграмнан киллограм нормасы одан ауысқан жоқ.

Зиянын білсек, қатерін қабылдасақ мұндай өнімдер елде неге сатылады? Алғашқы туындайтын сұрақ - осы. Бұл сауалды мамандарға қойдық. Олар бұны сұраныстың көптігімен байланыстырды.

Әлия МАМЫТБАЕВА, ҚР АЛКОГОЛЬСІЗ СУСЫН ЖӘНЕ ШЫРЫН ӨНДІРУШІЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Жастардың сұранысы құрамында кофеин бар басқа сусындарға ауысады: бірінші кезекте кофе. Кофе реттелмеген және ескерту белгілері жоқ, бірақ салыстырмалы түрде оның құрамында энергетикалық сусынға қарағанда кофеин көп.

Энергетикалық сусындар сергектік сыйлайды дейді. Бірақ мамандар бұл тұжырыммен келіспейді. Керісінше, ауруды қоздырып, ұйқысыздық пен ашушаңдылыққа алып келетінін айтады.