$478.58 €520.84 ₽5.44
×

"Қаланы сумен қамтамасыз етуде кедергі болмауы тиіс",-депутат

10.07.2024ж. 20:00
134
"Қаланы сумен қамтамасыз етуде кедергі болмауы тиіс",-депутат

Қаланы сумен қамтамасыз етуде кедергі болмауы тиіс. "Атырау суарнасы" өкілдерімен кездескен мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов осылай деді. Еске салсақ, өткен жылы желтоқсан айының басында Жайықтың деңгейі төмендеп, құбырлардың қатуы салдарынан кәсіпорын су тазарту қондырғысына су беруді тоқтатуға мәжбүр болды. Енді бұл жағдайдың алдын-алу мақсатында бірқатар жобалар қолға алынды. Су сору және сүзгіден өткізу станцияларын қайта реконструкциялау үшін құны 10 млрд теңге болатын екі жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде. Бұдан бөлек мәжілісмен аймақтағы кәріздік тазарту қондырғыларының да жұмысын дұрыс жолға қою керектігін айтты. Сондай-ақ жергілікті тұрғындарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады.

Дүйсенбай ТҰРҒАНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АМАNАТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қыркүйек айында бюджеттің жобасы келеді. Сол кезде біз келесі жылдың қаржыландыру мәселесін шешуге тырысамыз осы екі жоба бойынша. Сонда мына қаладағы және соның айналасындағы су тапшылығы мәселесі шешіледі деп ойлаймын.

Ал Алматы қаласында «AMANAT» фракциясының мүшелері 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында салынып жатқан нысандарға бақылау жүргізді. Қалқаман метро станициясының құрылысының барысымен танысты. Жол картасы шеңберінде 4 метро станциясын салу арқылы метро желісін 7,2 шақырымға ұлғайту көзделген. Бұл жолаушылар санын тәулігіне 20 мың адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Құрылыс 2026 жылдың алғашқы жарты жылдығында аяқталады.

Айдос САРЫМ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АМАNАТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жаңа бағыттар салынып жатыр, қаланың халқы көбейіп жатыр. Транспорттық кептелістерді шешудің бірден бір жолы ол жердің астында метро болуы және жердің үстіндегі қалалық көліктің,троллейбустың басқа да электро транспорттық түрлерінің дұрыс болуы. Біз енді өзімізге біраз материал жинадық. Енді менің ойымша бірігіп істейтін болсақ, үлкен нәтиже шығаруға болады.