Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Тәжікстанда шетел валютасының заңсыз айналымы үшін жаза күшейтілді

AstanaTV
09.03.2016ж. 20:00
1658
Тәжікстанда шетел валютасының заңсыз айналымы үшін жаза күшейтілді

Тәжікстан шетел валютасының заңсыз айналымы үшін берілетін жазаны күшейтіп отыр. Бұл жөнінде  ИНТЕРФАКС агенттігі хабарлады.

Ел парламенті Қылмыстық кодекске бірқатар түзетулер енгізген. Онда шетелдік валютаның заңсыз айналымы үшін жазаны қатайту жайы да қарастырылған. Яғни ендігі жерде шетелдік валютамен заңсыз мәміле жасасу, оны сату, сатып алу немесе айырбастау секілді операциялар бір жыл ішінде қайталанса, онда 8 мың мен 14,6 мың сомони шамасында айыппұл салынады. Немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Заңның бұрынғы нұсқасында айыппұл сомасы екі есе төмен болатын. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА