$520.93 €609.07 ₽6.68
×

«Миының екі жағы да дамығандардың ақшасы Швейцария банкінде»

AstanaTV
25.02.2017ж. 20:00
2785
«Миының екі жағы да дамығандардың ақшасы Швейцария банкінде»

«Солақайдың ақшасы пиджактың ішкі оң қалтасында жатады. Оңқайдың ақшасы сол жағында. Миының екі жағы да дамыған адамның ақшасы Швейцария банкінде». Саламат Омаш жүргізетін «Дөп сөз» айдарының кейіпкері Айдос Жұқанұлы есімді азамат.

Саламат Омаш: Армысыздар! Журналист деген бір қауым ел бар. Олар туралы Шерхан Мұртаза «арқалағаны алтын, жегені жантақ» деп дөп айтқан. Оларға шындық жазу мына заманда қиын, бірақ мүлде жазбау одан да қиынырақ. Бүгінгі біздің кейіпкеріміздің журналист екенін түсінген шығарсыздар. Айдос Жұқанұлы. Диван батырлардың қатарынан емес. Ойын ашық жазып, тіл, жер, ұлт мәселесін сырт айналып өтпейтін журналист. 

Қазақстан деген елде "Қазақстан Үкіметі қазақ тілінде сөйледі!" деп қазақтар бір-бірінен сүйінші сұрап жатыр. 2016-жыл. Айтпақшы, Қазақстанда қазақ туын ұстап жүруге күні кеше ғана Қазақстан Үкіметі рұқсат берген. Мына қарқынмен тәуелсіздік алатын сияқтымыз ғой.

Құлақ пен ми арасындағы дыбыс жылдамдығы өте баяу болады. Әкең айтқан ақылды он алты жасыңда құлағыңа құйып аласың. Қырыққа жақындағанда миың қорыта бастайды.

Саламат Омаш: Жалпы журналистика туралы ұғым көп. Төртінші билік. Ағарту немесе дүрліктіру. Таңқалдыру және өтірік. Бірақ журналистика – терең білімді талап ететін мықты мамандық екенін айтсаң, мәдениетті адам күлімсірейтін, эмоциясын ұстай алмайтын адам «айтыпсың» дейтін сәтке жеткеніміз өкінішті. 

"Біздің елде зауыт-фабрика неге аз? Біз неге Еуропадан үлгі алмаймыз? Үкімет қайда қарап отыр?" – деді де, жездеміз журналистика факультетіне өзі түсірген ұлына хабарласты. Ұлы техникалық колледжде оқығысы келетінін маған да айтқан. Бірақ, әкесі ұлын теледидардан көргісі келеді...

Айдос Жұқанұлы: Журналистикаға көңілім толмайды.

Жайлауды "жаильау", ойлауды "оильау" деп айтатын жас әртістерді көп кезіктіріп, сериалдан барымша аластағам. Енді журналистика саласына жетіп келіпті. Бұлар неге менің соңымнан қалмайды, ей?


Саламат Омаш: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың сөзін жақсы білеміз. Бұл журналистиканың қоғамдағы рөлін айқындайтын сөз. Айдос Жұқанұлы журналистерді сынға алып отырады.
"Ң" әрпін айта алмайтындар теле және радиожурналистика заманақырды жақындатады» дейді ол, бір жазбасында. Айдос көп нәрсені астарлап та айтады.

- Ұлым, сен мамаңның қасына отыр. Қызым, келбері, жаныма отыр. Бүгін тамақты осылай ішеміз. Ертең орындарыңды ауыстырып отырасыңдар.  

- Әке, өзіңіз неге орныңызды ауыстырмайсыз?
- Маған мына жерден теледидар жақсы көрінеді.

(Жәй, әшейін... бүгінгіауыс-түйістікөргенсоңжазыпжатқанымғой...)

Ресейдегі орыстар былайғы күнде кавказдықтарды "хач", "чурка", "хачик" дейді де, олимпиададағы күрестен медаль алып берсе, "наш", "русский" деп мақтана кетеді.

Біз де былайғы уақытта "аққұлақ", "сары орыс" дейміз де, медаль алса, "сары қазақ", "өзіміздің орыс қой"дейміз. Бірақ екі жақтың айырмашылығы бар. Кавказдықтар орысша сөйлейді. Біздікілердің 99%-ы қазақша сөйлемейді. Егер медаль алып тұрып қазақша сөйлесе, төрімізге шығарамыз ғой! Мораль: Мемлекеттілікті нығайтатын, ұлтты ұйыстыратын, бірліктің бастауы - қазақ тілі.

Начало формы

 

 

 

Сау отырсам да, айналамдағы жігіттер мен қыздардың телефоны сөндірулі тұрғанына көз жеткізіп алам. Қайдан білесің, ертең депутат болып кетіп жатсаң...

Саламат Омаш: «Хиллари Клинтон үгіт-насихат жұмысына шашқан миллиондаған долларын біздің мұғалімдерге бергенде 99% дауыс жинар еді»,- дейді Айдос Жұқанұлы. Жұмыстан шығып қалмау керек.

Солақайдың ақшасы пиджактың ішкі оң қалтасында жатады. Оңқайдың ақшасы сол жағында. Миының екі жағы да дамыған адамның ақшасы Швейцария банкінде.

Саламат Омаш: Әлем ғарыштық жылдамдықпен дамып келе жатқанда біз жайдақ аттың жалына жармасып, әлі қуып келеміз. Біздің билік кейде бітпейтін бағдарламалар ойлап табудан ғана мықты ма деп ойлап қаламыз. Жазып тұрыңыздар, көп сөз ұтпайды, дөп сөз ұтады!