$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Балқар қызы алғыс айтудан шаршамайды!

AstanaTV
25.02.2017ж. 20:00
2545
Балқар қызы алғыс айтудан шаршамайды!

Жаныңызға жылу сыйлайтын адамдарға алғыс білдіресіз бе? Аптасына бір рет, бәлкім айына бір рет? Немесе тек белгілі-бір жағдайға байланысты ма? Балқар ұлтының өкілі Людмила Хочиева үшін алғыс айту «амансыз ба?»-мен бірдей. Күн сайын дерлік айтады. Қазақтарға.

1944 жыл. Бірнеше ұлттың мыңдаған өкілін тиеген вагондар Кавказдан Орталық Азияға жүйткіді. Жетісу жеріне жер аударылғандардың ішінде Людмиланың әкесі Хисайдың туған ағасы Әзірет қазіргі Президенттің үйіне түскен екен. 

Людмила Хочиева, Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

Бригадир болған ғой, көшіп келген балқарларға көмек берген. Мысалы, Әзірет атамызға үй салдырғанын мен жазғанмын. Бүгінде бүкіл әлемді алып қарасаңыз, балқар қызы депутат болды дегенді мен әлі естіген жоқпын. Мен төртінші  созывта қазақ жерінде депутат болдым. Ол да қазақтың арқасында.

Қазақтардың бауырмалдығы мен шынайы көмегінің арқасында қазір елде 30 мың балқар тұрады. Тек олар ғана емес, өзге де ұлттардың миллиондаған өкілдері  жақсы өмір сүріп жатыр. Елімізде «алғыс айту» мерекесі жақындап қалды. Балқарлар мейрамға ерте қамданған.

Алмажан Хаджиева, қарашай - балқар ұлтының өкілі:

Өмірдің нәрі  - арман дейді ғой. Армандамайтын адам жоқ. Армансыз өміріміз де жалған. Менің арманым сол ең біріншіден, тыныштық болу керек ғой. Еліміз,жұртымыз тыныш болса, тыныш ұйықтағанға не жетсін.

Бейбіт заманның кілті - ауызбіршілікте. Оны ұрпақ санасына құйып отырмаса болмайды. Ақпараттық технологиялардың қоғамды аздыратын да тұсы бар, - дейді Людмила.

Людмила Хочиева, Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

Өсіп келе жатқа ұрпақ болған оқиғаны білу керек. Неге десең, «өлі риза болмай, тірі байымайды»,- дейді. Өткен жылдарды еске алу керек. Оны айту керек. Әрдайым да осындай күн шуақты болып, жақсы болып тұра алмайды. Оның барлығын көзіңнің қарасындай қорғау керек. Оны қорғайтын сол өсіп келген жастар.