$524.24 €612.94 ₽6.68
×

«Миллион» таппаса да Ләйлә бақытты - «Ағашки» бәрібір сотталады...

AstanaTV
25.02.2017ж. 20:00
2448
 «Миллион» таппаса да Ләйлә бақытты - «Ағашки» бәрібір сотталады...

48 жастағы Шымкент қаласы тұрғынының  тіршілігі таңғы төрттен басталады. Ол коммуналдық мекемелердің бірінде он жылдан бері аула сыпырушы болып жұмыс істейді. Ауыр да, адал еңбек иесі. 

Ләйлә Нұсқабаева, көше тазалаушы:

Жұмысымыз ауыр енді. Он жылдан бері істеп келе жатырмыз ғой, қиыншылығына да басқасына  да төзіп келе жатырмыз. Нанымызды адал еңбекпен тауып жесек екен дейміз...біреуден ұрлап жатқан жоқпыз.

Аптап ыстық, жауын, ақ қар, көк мұзға қарамастан көше тазалаушылар бір тынбайды. Демалыс бір-ақ күн.

Ләйлә Нұсқабаева, көше тазалаушы:

Жастар жағы кей кезде «күрегіңізді бере тұрыңыз» деп көмектеседі. Енді арасында бағаламайтындар да бар ғой, мысалы. Әр жерге қағаз, шемішке тастап кетеді, мысалы.

Оған Ләйлә жасымайды. Өйткені нанын тауып отырған жері. -Менің жасымда басқа жұмысқа кім алсын,- деп, шын сөз айтып қалды. Азға қанағат, жоққа сабырлылық таныта білген әйелдің ері қайтыс болған. 54 мыңды  қызын оқытуға да жеткізіп отыр.

Ләйлә Нұсқабаева, көше тазалаушы:

Айлығымызды көтерсе екен дейміз. Қазір заман өзі қымбатшылық болып кетті ғой, продуктілер бәрі қымбаттап жатыр күннен күнге.Әйтсе де 54мың теңгеге қанағат тұтып,бұған да құдайға шүкір дейміз...

Ал 54 мың теңгеден бірнеше есе көп айлығы бар, әлеуметтік пакетпен қамтылған жандардың арасында Ләйләға миығынан күлетіндер бар. Олар таңғы төртте тұрмайды. Мүмкін «бір шаруалармен» ояу да жүретін шығар... Айтпақшы олардың қосымша кірістері де бар. Пара деген. Жемқорлық әрекеттері бойынша біреулері ұсталып жатады. Мысалы, Алматыда осы аптада «Қара генерал» ұйымдасқан қылмыстық тобына үкім шықты. Топтың «белсендісі», Құрмет, ІІ дәрежелі Даңқ ордендері бар, Алматы қаржы полициясының экс-басшысы Әмірхан Аманбаев ордендері мен атақтарын қайтарып, 14 жылын түрмеде өткізеді. 

Ол 2015 жылдың наурызында «Ұйымдасқан қылмыстық топ құрды немесе жетекшілік етті» деген күдікпен тұтқындалған. Тергеу материалдарына сүйенсек, ұйымдасқан топ жалған кәсіпорындар құру арқылы бюджетке түсуі тиіс ондаған миллиард теңгені қалталарына басқан.Аманбаев ірі көлемде пара алған.

Кеңшілік Әбделдинов, Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

1959 жылғы Әмірхан Аманбаев алты бап бойынша айыпталып отыр...Сот оны 14 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Жазасын қатаң тәртіптегі түзеу колониясында өтейді.

32 адам 3 жылдан 16 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мал-мүлкі тәркіленді. Мысалы, Аманбаевтан 2 Toyota Land Cruiser автокөлігі, 11 млн-ға жуық теңге, Астанадағы бір тұрғын үйдегі 3 автотұрақ орны, Астанада жер учаскелері, ұйымдасқан топтың жетекшісі Сергей Ильиннен бірнеше жер учаскесі, екі тікұшақ, 3 автомобиль, кірпіш зауыты, 60 мың доллар тәркіленді.

Осы аптада «Ағашки» деген клип шыққан. Үзінді көрейік: «Без ағашки ты букашки»-қолданушы Фима Иванов жүктеген.

Клипті көрген адамдардың кейбірі коментарий қалдыратыны сөзсіз.  Мысалы, мынадай комментарийлер бар: «Өзімді қоңыз сезініп кеттім». Немесе «Мына клипті түсіруді кім арқылы шештіңдер? Ағашкамен келістіңдер ме?» Соңғы юмор, юмор енді.