$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Ақша жоқ, ешкім жоқ, мамаңмен қалдың". Жахан Отарғалиевтің көңіліне тиген кім?

AstanaTV
11.07.2024ж. 06:25
312
"Ақша жоқ, ешкім жоқ, мамаңмен қалдың". Жахан Отарғалиевтің көңіліне тиген кім?

Танымал актер Жахан Отарғалиев әлеуметтік желідегі оқырмандарының пікіріне жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Жахан, одан да бір жағына шықсай, әркімнен ақша дәметіп спонсор іздеп өтпейтін кино түсіре бергенше тамада болып ақша тапсаңшы. Кино сенікі емес. Кино деп үйіңді де саттың. Ақшаң барда жан-жағыңда бәрі жүгіріп жүрді. Енді ақшаң жоқ, ешкім жоқ. Сол баяғы мамаңмен бірге қалдың", - деген оқырманының хаты Жаханның көңіліне тиген сияқты. 

Бірақ танымал актер "шындыққа ренжуге болмайды" деп ағынан жарылды. 

"Ақша барда жан-жағыңда бәрі жүгіріп жүрді" деген жері дұрысынан тиді негізі. Бірақ бұл өмір, шындыққа ренжуге болмайды. Бұйырса киноны бәрібір түсіремін", - деп жазды Жахан.