$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Бойжеткенді зорламақ болған жігіт Грузиядан экстрадицияланды

AstanaTV
11.07.2024ж. 10:07
331
Бойжеткенді зорламақ болған жігіт Грузиядан экстрадицияланды

Бүгін Бас прокуратура мен ҚР ІІМ Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Грузиядан сот үкімін орындау үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

2020 жылы ол Шымкент қаласында күш қолдану арқылы бойжеткенді зорламақ болған. Жәбірленуші белсенді қарсылық көрсетіп, қылмыскердің қолынан қашып құтылған. Күдікті өз әрекетін аяғына дейін жеткізе алмаған.

Сот аталған тұлғаны кінәлі деп таныған, алайда сотталған үкімді жариялауына қатыспай, жасырынып, тағайындалған жазаны өтеуден жалтарған. Соған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.

2023 жылғы қазанда сотталушы Грузия аумағында ұсталды.

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша грузиялық тарап оны экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды», - деп хабарлады прокуратура.