$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыда шетелге оқуға түсемін деген 100-ден астам талапкер алданып қалды

AstanaTV
11.07.2024ж. 12:52
481
Алматыда шетелге оқуға түсемін деген 100-ден астам талапкер алданып қалды

Жүзден астам қазақстандық талапкер шетелге оқу орнына түсіруге уәде еткен білім беру орталығын айыптауда. Айтуларынша сол үшін орталыққа миллиондаған ақша төленген. Бірақ қазір оқу да, қаражат та қайтарылмаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Ата-аналардың айтуынша орталықта сабақтар тіптен өткізілмеген. Ал бұл үшін олар бір жарым миллион теңгеден 2 миллион теңгеге дейін ақша төленген.

Әнуар Сатыбалдының анасы ұлының Австрияға оқуға барғанын қалап, осы орталыққа жүгінген. Мұндағылар басында Еуропа мен Американың жоғары оқу орындарына түсу емтихандарына тілдер бойынша дайындап, көмектесуге уәде еткен. Алайда Әнуар тек неміс сабағына қатысқаннан кейін ұстаздары орталықтан кетіп, сабақтар мүлде болмаған.

Көптеген мұғалімдер кете бастады. Олар өздерін өте оғаш ұстады. Соның салдарынан көптеген сабақтар үзіліп, өзімнің сабақтарымды кейінге шегеруге тура келді. Дұрыс мұғалімдер болған жоқ. Мұндағы ең маңызды мәселе – кадрлардың жетіспеуі, – деді Әнуар.

Сабақтар тоқтатыла бастағанда, ата-аналар наразы болған. Дегенмен директор сабақтар жазда қайта басталатынын айтып сендірген. Бірақ жаз келген кезде де бұл уәде орындалмаған. Ата-аналардың айтуынша осыған қарамастан орталық, әлі күнге келуші талапкерлерді жинап, үздік шетелдік жоғары оқу орындарында жіберуге уәде беріп жүр екен.

Оларда жарнама, маркетинг күштірек. Бірақ біз мектептегі ұсыныс бойынша келдік. Олар мектептерге келіп, ата-аналарынан рұқсат алу үшін кәмелетке толмаған балаларды тартады, – деді ата-ана Нұргүл Өнербаева.

Бұл орталықтан толық дайындық курсынан өткендер болған екен. Алайда олар шетелге барғанда күтіп алатын ешкім болмаған.

Осында жүгіндік. Алайда оқуға түсуіміз керек болған көптеген университеттерде тіпті шақырту болмаған. Тіпті құжаттарымызды бұл университеттерге жібермеген. Бізде басқа университеттерге емтихан тапсыру мүмкіндігі де болған жоқ, – деді тағы бір ата-ана Анар Жәкенова.

Ата-аналардан бөлек, мұғалімдер де орталықтың жалақыны төлемегенін айтып шағымданды. Сол үшін олар кетуге мәжбүр болған екен.

Сабақтар тек жалақыға байланысты ғана емес, сонымен қатар мұғалімдер көп аурып, демалысты көп сұрағанынан үзілді. Ал сәуір айында жалақыға байланысты кассалық қиындықтар туындады. Бұрынғы басшылар 120 миллион теңге жымқырған. Оларға қатысты қылмыстық іс 14 сәуірден бастап қозғалды. Алайда тергеу нәтижесіз жүргізілді, – деді білім беру орталығының бұрынғы процессуалдық директоры Дәулет Түймебай.

Ата-аналар топ болып арыз жазып орталықты жабуды, директорды қамауға алуды талап етуде. Ал Алматы полиция департаменті осы арызға байланысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.