$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Алматыда қос бойжеткен шаш жұлысып, айқасып қалды

AstanaTV
11.07.2024ж. 20:00
166
Алматыда қос бойжеткен шаш жұлысып, айқасып қалды

Алматыда қос бойжеткен шаш жұлысып, айқасып қалды. Оқиға «Asia Park» ойын-сауық орталығының жанында болған. Қыздардың бұл былығы бейнетаспаға түсіп қалыпты. Бейтаныс ер адам оларды ажыратуға тырысады. Бірақ, қанша оқталса да, дес бере қоймаған. Алматы қаласының Полиция Департаменті бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталмыш дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасының тексеру жұмыстары жүргізілуде. Осы оқиғаға қатысушылардың жеке бастары анықталып, олардың іс-әрекеттеріне құқықтық тұрғыда баға берілетін болады.