«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты филиалының басшысы ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Орман ағашын ұрлады деген күдікпен полицияға 20-дан астам адам жеткізілген. Тінту жүргізіліп, нәтижесінде ағаштың ондаған текше метрі, ағаш өңдеу станоктары, ақша және құжаттар тәркіленді. Филиал директоры мен өзге күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Қуандық АЛПЫС, ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:
Абай обылысының аумағында ІІМ-нің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел уәкілдері прокуратураның үйлестіруімен "Семей орман" мемлекеттік орман табиғи резерваты филиалдары бірінің директорының басшылығымен әрекет еткен қылмыстық топтың қызметіне тосқауыл қойылды.Сондай- ақ олардың лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдалану,пара алу,мүлікті жымқыру фактілеріне қатысы бар-жоғы тексеріледі.