$494.87 €520.65 ₽4.91
×

БҚО-дағы жол құрылысында ғылыми әдіс қолданылды

11.07.2024ж. 20:00
294
БҚО-дағы жол құрылысында ғылыми әдіс қолданылды

Ал Батыс Қазақстан облысында салынып жатқан автокөлік жолына отандық ғалымдар ойлап тапқан жаңа қоспа пайдаланылды. Мамандардың айтуынша, бұл материал битумның беріктігін күшейтеді. Демек жол тез бүлінбей, жарамдылық мерзімі де арта түседі. Әзірге жаңа қоспа тәжірибелік аумаққа төселді. Егер көрсеткіші көңілден шықса, өңірде кеңінен қолданылмақ.

Еркін КАРИН, ТІЛШІ:

Қазір жаңа модификатор қосылған асфальттың алғашқы легі төгіліп жатыр. Бұған дейін бұл технология Семей мен Оңтүстік Қазақстан облысында қолданылыпты. Оған оң бағасын берген ғалымдар бұл материал батыс өңірін де жатсынбайды деген үмітте.

Себебі еліміздің әр өңірінің табиғаты әр алуан. Мамандар дерегінше, аймақтардағы температура айырмашылығы 100 градусқа жуықтайтын көрінеді. Сондықтан жаңа қоспа қосылған асфальт әзірге 1 шақырым сынақ алаңына төселді. Көрсеткіші көңілден шыққан.

Жанна КЕНЖИНА, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ БАСШЫСЫ:

 Қоспа құрамы су өткізу, температураға төзімділік және тағы да басқа колееустойчивость бар, трещинаустойчивость мына добавкада оң нәтиже көрсеткен. Біздің мақсатымыз - ұзақ және сапалы жолды салу.

Жол құрылысын ғылыми тұрғыдан зерттеушілердің дерегінше Орал өңіріндегі жол сапасына сын жиі айтылады. Өйткені жобалау кезінде жергілікті материалдың ерекшелігі мен табиғат жағдайы ескерілмейді. Басты материал - битум сапасының да әсері бар.

 Мейрамгүл ҚАБДЫҒАЛИЕВА, ҚАЗАҚСТАН ЖОЛ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ:

Щебеночно мастичный асфальт-бетон дегеніміз бұл ішіндегі щебені - қиыршық тас 70-тен астам проценті. Қазір интенсивность та өсті, климат та өзгерді. Міне қазір көріп отырмыз ғой қандай ыстық? Сондықтан қазір көп жолдарға осы ЩМА-ны салып жатыр. Бірақ битумның сапасы төмен болғандықтан, осындай модификаторларды пайдалануға тура келеді.

Данияр ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ, "ҚАЗАВТОЖОЛ" ҰК" АҚ БҚОФ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

 "ҚазАвтожол" осы жолды қарайтын, бақылайтын ұлттық оператор болғандықтан, біздер осы салынып жатқан жолға, осы жобаларда басты мәселе сапаға өте қатты көңіл бөлеміз. Соны қадағалау керекпіз. Сондықтан осындай бастамаларды қолдаймыз. Өйткені ол ШМА-ның, асфальт бетонның характеристикасын жақсартады

Биыл өңірдегі 576 шақырым жолды жөндеуге 116 млрд теңге бөлінген.