$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Күш беретін препараттар бүйрек, бауыр ауруларына әкеп соғуы мүмкін

11.07.2024ж. 20:00
285
Күш беретін препараттар бүйрек, бауыр ауруларына әкеп соғуы мүмкін

Епті болам деп екпе қабылдап жүргендер көп. Бірақ артық қыламын деп, тыртық қылып жатыр.

Энергиям артады, күшім тасиды деп ішетін химикаттардың зияны бар.

Олжас Абдрахмановтың фитнесспен айналысқанына 10 жылдан асқан. Нәтижеге тек табиғи жолмен жеттім дейді. Бастысы тұрақты шынығып, шыдай білсең болғаны. Осы күні өзгелерді жаттықтыратын маманның айтуынша дұрыс тамақтанып, қажетті дәрумендерді ішіп, арықтауға немесе шымыр болуға болады.

Олжас АБДРАХМАНОВ, ФИТНЕС ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

Тез нәтижеге жетсем деп дәрі-дәрмек қабылдап, гармондары мен жүрегіне зақым келтіргендер болған. Бұл физикалық қалпыңды бұзады. Кейде жетістік үшін жылдарыңды құрбан етуің керек. Ағзаңызда көмірсу, ақуыз және майдың құрамы жеткілікті болса және салауатты өмір салтын ұстасаңыз болды. Әр нәрсенің белгілі мөлшері болады және одан аспауы қажет.

Күш-қуатыңызды арттырып, бойыңызды ұзартып, тіпті мүсініңізді мінсіз қылуға көмектесетін препараттардың жарнамасы қазір үлкен құдіретке ие. Алайда сырты бүтіннің іші түтін болмасына кепіл жоқ. Осы тұста дәрігерлер рұқсатнамасы жоқ өнімдердің сатылымын шектеу керек дейді.

Арыс АЙДАРБЕКОВ, ДӘРІГЕР:

Күш көбейту үшін не бар, креатин деген қоспа. Ол бізде бүйрек арқылы шығады. Егер артық мөлшерде, шамадан тыс қабылдаса: ол ертең бүйректің әртүрлі потологияларына әкелуі мүмкін. Өзі білмей, ешкім, дәрігердің кеңесінсіз қабылдай берсе ол денсаулыққа, даже кейді ауыр бір жағдайларға алып келуі мүмкін.

Әуесқойларды былай қойғанда, кәсіби спортшылардың өзі допинг дауынан арылмай жатады. Олардың тамақтану мен салмақ тұрақтылығын бақылайтын диетолог және нутрицолог мамандар тағайындалған. Десе дағы шектен шығам деп мансабынан шеттетілетін, оған қоса денсаулығына кесір тигізетін спортшылар да бар.

Диас АХМЕТШӘРІП, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:

Өткен жылдары біздің ауыр атлетшілеріміз допинг дауына ілікті. Өйткені олар өздері бір препараттар қабылдап, бапкерлеріне де айтпай, олар білмеген. Енді қазір спортшыларға біз қатаң түрде талап қойып отырмыз. Жәнегі бас бапкер жауапты, сонымен қатар мемлекеттік бапкер, және де антидопинг орталығының қызметкерлері бірігіп отырып жұмыс істейді. Мәселелер тек бізде емес, бүкіл дүниежүзіндегі мәселе. Бұл – індет, бұл – допинг.

Көзің ауырмасын десең - қолыңды, ішің ауырмасын десең - ауызыңды тый демей ме. Пайдаланып жүргеніміздің бәрі бірдей пайдалы ма осы!? Саралай білсек абзал.