$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Өзбекстандағы жарылыс болған зауытта үкіметтік комиссия жұмысын бастады

AstanaTV
24.02.2017ж. 20:00
3872
Өзбекстандағы жарылыс болған зауытта үкіметтік комиссия жұмысын бастады

Жарылыс болған Өзбекстандағы химиялық зауытта үкіметтік комиссия жұмысын бастады. Ол апаттың себептерін анықтап, қаза тапқандардың отбасыларына өтемақы мөлшерін белгілейді. Опат болғандар саны 5 адамға жеткені белгілі болды. Ал зардап шеккендер туралы әзірге мәлімет жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі де әлі ресми мәлімдеме жасамады. Таяуда «Ферганаазот» зауытының аммиакты цехында жарылыс болған. Төтенше жағдай жөндеу жұмыстары кезінде болған. Кәсіпорын елдегі ең ірі тыңайтқыш пен өзге де химиялық қоспаларды өндірумен айналысады.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА