$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"ШЫҰ саммиті ең ауқымды шаралардың бірі болды", - Е.ҚАРИН

"ШЫҰ саммиті ең ауқымды шаралардың бірі болды", - Е.ҚАРИН

"Елордада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті ең ауқымды шаралардың бірі болды". Мемлекет кеңесшісі Ерлан Қарин осылай деп мәлімдеді. Ол саммитте еліміздің сыртқы саяси беделі өз жемісін беріп, оның рөлі мен ұстанымы нық орнықты деп атап өтті. Соңғы уақытта Қазақстанның халықаралық аренадағы іс-қимылына, қандай да бір бастамаларына, ұстанымына көптеген шетелдік сарапшылар, байқаушылар мен саясаткерлер түрлі баға бергенін жеткізді.

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Сыртқы саяси аспектідегі маңызды тұжырым – бұл саммит Қазақстанның халықаралық беделінің жаңа маңызды деңгейге шыққанын айқындады. Жыл басында Германияның беделді сыртқы саясат қоры Қазақстанды алғаш рет орта державалар тізіміне жатқызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің әділ әлемге ұмтылысы туралы айтқан бастамасы саммитке қатысушылар мен халықаралық сарапшылар арасында қолдау тапқаны сөзсіз. «Әділ әлем» сөз тіркесі саяси лексикаға енді. Осылайша, өткен ШЫҰ саммитінде Қазақстан өзінің күн тәртібін ілгерілетіп, жаңа халықаралық деңгейге шыға алды.