$487.24 €529.34 ₽5.02
×

"Таза Қазақстан" акциясына 160 мыңнан астам жетісулық қатысты

11.07.2024ж. 20:00
471
"Таза Қазақстан" акциясына 160 мыңнан астам жетісулық қатысты

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Жетісу облысында белсенді түрде ұйымдастырылып, тұрғындар тарапынан зор қолдауға ие болды. Бүгінгі күннің өзінде жалпыұлттық тазалық шарасына облыс бойынша 160 мыңнан адам атсалысқан. Әр үйдің ауласы таза болса, тұтас ауыл таза. Халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы шаралар бүгін тағы бірнеше аймақта өтті. Экологиялық акция және «Игі істер» марафоны аясында «Жинаquest» атты экологиялық квест өткізілуде. Шараға белсенді жастар, эковолонтерлер, қала тұрғындары мен қонақтары – жалпы 100 адам қатысты.

Серік НАУРЫЗБАЙ, ЖАРЛЫӨЗЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Адамның жүрегі таза болу үшін үйің, төңірегің, көшең таза болу керек қой. Имандылық болу керек.

Медеу МЫРЗАТАЙ, ЕРІКТІ:

Экологиялық мәдениет дегеніміз ол айналаны қоқыстан тазарту емес, қоқысты тастамаудан басталады. Осы кішігірім қағидаттар, осы кішігірім дүниелер ел ішінде үлкен қанат жайса, бұл үлкен үрдіске айналып, біз дамудың даңғыл жолына түсе аламыз деген ойдамын