$478.96 €533.03 ₽5.22
×

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 59 күн қалды

11.07.2024ж. 20:00
245
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 59 күн қалды

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 59 күн қалды. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекциясының бас демеушісі- «Alageum Electric» компаниясы. Серіктестік шараға 1 млрд тенге қаржы бөлді. Бүгін тиісті меморандумға қол қойылды. Ол қаржыға бүгіннен бастап билеттер сатып алынады дейді жауаптылар.

Еркебұлан ІЛИЯСОВ, «ALAGEUM ELEKTRIK» КОМПАНИЯСЫ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Отандық ойындарымызды қолдау үшін қор аштық, сол қор арқылы барлық көмегімізді білдіреміз. Көшпенділер ойындарымен біз бүгін қол қоямыз. Келесі аптадан бастап қаржылай қолдауымызды көрсетеміз. Билеттерді ертерек ала бастау қажет. Неге десеңіздер билеттер қымбаттайды. 1,5 ай ғана уақыт қалды. Насихаттау үгіттеу жұмыстарымызды барлық жұртқа білдіруіміз қажет.

Абылай ҚОНБАЕВ, 5-ШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫН ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ДИРЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бесінші дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізіп жатырмыз. Бұған дейін үш рет Қырғызстанда, бір рет Түркияда өткен болатын. Өз ойындарының дәстүрлі ерекшеліктері бар. Сол ерекшеліктерінің бірі қонақтардың қонақ үйге орналасуын, тамақтандыру секілді барлық шығындарын көтеретін болады.