$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қостанай билігі сапасыз әлеуметтік баспана салған мердігермен соттасады

11.07.2024ж. 20:00
435
Қостанай билігі сапасыз әлеуметтік баспана салған мердігермен соттасады

Тұрғындар талабы орындалады. Қостанай билігі Қонай шағын ауданында сапасыз үй салған мердігерді сотқа бергелі жатыр. Арендалық баспана бір жыл бұрын қолданысқа берілген.Көпқабатты үйден пәтер алған адамның көбі әлеуметтік осал топ өкілдері. Жаңа қоныстың қабырғасы жарылып, едені опырылып жатыр, дейді тұрғындар. Қыста суық.Жазда жаңбыр жауса төбесінен су ағады.Амалы таусылған тұрғындар «Дала қырандары» жастар бірлестігіне жүгініп, тұрғын үй мәселесін қоғам белсенділері көтерді.Шаһар билігі шағын аудандағы проблеманы шешеміз деп отыр.Арнайы комиссия құрылып, арендалық баспанадағы кемшіліктер анықталып жатқан көрінеді.

Аида БАЖИРОВА, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:

Өткен аптада қала әкімі дәл осы үйдің тұрғындарымен кездескен болатын.Жалпы үйдегі бар ақаулар бойынша «Ақтөбе сәулет» компаниясы осы кемшіліктерді жоймағанына байланысты, Қостанай қаласының әкімдігі сотқа жүгінуге мәжбүр болып отыр.Сонымен қатар өткен аптадан бастап арнайы комиссия құрылып, әр пәтер бойынша кемшіліктерге акт жасап, сол бойынша жұмыс істеп жатырмыз.